12.04.2024 жылы «Алматы автомобиль-жол колледжінің 20 жылдығына» орай ұйымдастырылған іс-шаралар бағдарламасы аясында «Жылдам, жоғары, мықты!» атты Алматы қаласы колледждерінің студенттері арасында спорттық жарыс өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты-командалық рухты, салауатты бәсекелестікті тәрбиелеу, оқушылар, оқытушылар мен ата-аналар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Аталған іс-шараға қатысқан барлық қатысушыларға зор алғысымызды білдіреміз!