
12.10.2022 жылы "Жалпы білім беретін пәндер" онкүндігі аясында қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы Абдрахман Әлия Асылбайқызының жетекшілігімен ОП-22-26К, ТО-22-26К, ДМ-22-26К тобының студенттері арасында «Сөз шебері» интеллектуалды ойыны өткізілді. Сайыстың мақсаты: Студенттердің сөз байлығын, сөздік қорын молайту, тілдерін және ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту. Халқымыздың сөзге шешен, тілге бай екенін білім алушыларға дәлелдеп, мақтаныш сезімдерін ояту. "Алғырлар", "Тапқырлар", "Білгірлер", "Зеректер" командасына бөлініп, VII кезеңнен тұратын сайысқа студенттер белсене қатысты. Әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып берілген сұрақтарға жауап беру арқылы білім алушылар жылдамдықтары, білімдері, алғырлықтары және тапқырлықтары арқылы бақ сынасты. Сайыс кезінде командалар тірек сөздерден мақал-мәтелдер құрастырып, тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып, жаңылтпаш айтып, логикалық сұрақтарға жауап беру арқылы өздерінің білімге деген қызығушылықтарын көрсетті. Сайыс соңында жинаған ұпайлары бойынша сертификаттармен марапатталды.