«Болашаққа жетелейтін мамандық» атты онлайн конференция

11.05.2020 күні сағат 11:00 де «Болашаққа жетелейтін мамандық» атты колледжіміздің белсенді оқытушыларының ұйымдастыруымен кәсіби бағдар беру үшін онлайн конференция өтті. Мақсаты:  оқушыларға Алматы автомобиль-жол колледжінің жоғары сұранысқа ие мамандықтарымен таныстыру, кәсіби бағдар беру.  Іс-шараға Қарасай ауданы, Еңбекші ауылындағы Еңбекші орта мектебінің 9,10 сынып оқушылары, оқытушылары және ата-аналар қауымы қатысты. Конференция барысында әр мамандықтың оқытушылары мамандық бағыты бойынша толық ақпарат беріп,  қойылған сұрақтарға жауап берді. Осы іс-шараны ұйымдастыруға белсене ат салысқан Еңбекші орта мектебінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Ахметовнаға алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар барлық бітіруші түлектерді өз колледжіміздің қабырғасына сапалы білім алуға шақырамыз, білімді де білікті маман болып шығуыңызға тілектеспіз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *