Бірлік пен ынтымақ күні құтты болсын!

Құрметті Отандастар, Алматы автомобиль-жол колледжінің оқытушылары мен оқушылары! Сіздерді 1 Мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен және Қазақстан Халқы Ассамблеясына 25 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының берекесі, бейбітшілік пен тұрақтылықтың және ұлтаралық келісімінің ең басты негізі, рухани дамуымыздың жарқын бір көрінісі болып табылады. Жыл сайын көктеммен бірге көңіл көтеретін мерейлі мереке колледжіміздегі түрлі ұлттардың тілін, салт-дәстүрін және мәдениетін асқақтатып, жүрегімізге жыр, жанарымызға нұр сыйлайды. Бірлік пен тірлік ұштасқан, татулық пен тыныштық қалыптасқан елде береке мол. Атап айтқанда, біздің елімізде ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында мемлекетіміздің маңдайы жарқын, мәртебесі жоғары. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді дала даналығы. Дана жұртымыз мұны тегіннен-тегін айтпаса керек. Қазақстан халқының бірлігі мен мерекесі – бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ырысты ынтымақ құрған егемен еліміздің мамыражай мейрамы десек, артық айтқандық емес.Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *